Жаңалықтар

Зұлмат жылдар жаңғырығы

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналғанАқтөбе қаласындағы «Азаттықтың ақ таңы» стеласында еске алу шарасы өтті.

Әлихан Бөкейханұлы, ­Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш арыстары мен нәубет жылдарда бақилық болғандардың рухына тәу еткен жиналғандар әуелі бір минут үнсіздікпен еске алды.

— Қазіргі таңда саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу, олардың қилы тағдырын зерделеу мақсатында арнайы комиссия жұмыс істейді. Соның өкілдігі біздің облыста да бар. Жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен бұл комиссия 9 бағыт бойынша іс атқарады. Оның ішінде Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түскен азаматтарды зерттеу ісі де бар. Ұзын саны 30-дан астам тарихшы, әлеуметтанушы, басқа да мамандар бұған жұмылдырылған. Бұрын-соңды жабық болған қорларға да қол жеткіздік. Нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады, — дейдітарихшыРахым Бекназаров.

Шара барысындақуғын-сүргін құрбаны Әкімәлі Қаржауұлының немересі Күләш Маралқызы сөз алып, атасы жайлы тебірене сөз қозғады.

Соңында мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы оқу орындарының өкілдері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрбандарға тағзым етті.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button